Пациенттерге арналған ақпарат
ШЖҚ КМК «Каменское плато» оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) Алматы қаласы бойынша толық көлемде оңалту медициналық қызметтерін ұсынады.
Орталықта келесі бөлімшелер жұмыс істейді:
- Физиокабинет – кешенді қысқа толқынды терапия, магнитотерапия, аппараттық жарық терапиясы (Биоптрон), прессотерапия және лимфодренаж аппараты, ультрадыбыстық терапия аппараты, электросон, УВЧ, УФО, электрофорез аппараты, Гамма компрессиялық ингаляторы, синусоидалы модуляцияланған ток (СМТ) және Дарсонваль аппараты сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген;
- Массаж бөлмесі;
- Галокамера – тұзды үңгір немесе спелеошахта жағдайлары жасалатын бөлме, қабырғалары мен едені тас тұзбен қапталған, ол ауаны ионизациялап, тыныс алу жолдары мен өкпенің тазаруына оң әсер етеді;
- Шунгит бөлмесі – организмнің кернеуін және стресс реакцияларын азайтып, гипертониялық бұзылыстарды төмендететін, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартып, кардиологиялық науқастардың емдеу тиімділігі мен сапасын арттыратын бөлме;
- ЛФК (дене шынықтыру арқылы емдеу және аурулардың алдын алу әдісі), ол физикалық жаттығулар мен басқа да дене тәрбиесі құралдарына негізделген.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі
ШЖҚ КМК «Каменское плато» оңалту орталығында Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне мына жағдайларда жүгінуге болады:
Медициналық қызметтердің сапасына көңіліңіз толмаған жағдайда;
Медициналық персоналдың дөрекі қатынасымен бетпе-бет келгенде;
Медициналық қызмет көрсету барысында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық персоналдың ақша талап ету фактілері болғанда;
Медициналық қызмет көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелер туындағанда.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарастырып, нәтижесі туралы ақарат береді.
Сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және ұсыныстарыңыз біздің оңалту орталығымызда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сенім телефоны:
Электрондық пошта:
2.2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
2.3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)