Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі
ШЖҚ КМК «Каменское плато» оңалту орталығында Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне мына жағдайларда жүгінуге болады:
Медициналық қызметтердің сапасына көңіліңіз толмаған жағдайда;
Медициналық персоналдың дөрекі қатынасымен бетпе-бет келгенде;
Медициналық қызмет көрсету барысында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық персоналдың ақша талап ету фактілері болғанда;
Медициналық қызмет көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелер туындағанда.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарастырып, нәтижесі туралы ақарат береді.
Сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және ұсыныстарыңыз біздің оңалту орталығымызда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сенім телефоны:
Электрондық пошта:
2.2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
2.3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) (бұйрыққа сілтеме)