«Каменское плато» оңалту орталығы туралы

Home / «Каменское плато» оңалту орталығы туралы

«Каменское плато» оңалту орталығы туралы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Каменское плато» оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) өз қызметін 1932 жылы бастаған.

Орталық – Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы оңалту мекемелерінің бірі, мұнда кешенді оңалту шаралары жүргізіледі.

1350 метр биіктікте теңіз деңгейінен жоғары тау-курорттық аймақта орналасқандықтан, орталық жылы әрі жұмсақ климатымен, жазда аптап ыстықтың болмауымен, сондай-ақ атмосфералық ауаның жоғары иондалуымен ерекшеленеді.