Шипажай қызметінің мақсаты мен мәні

1. Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған.
2. Кәсіпорын қызметінің мәні – халық денсаулығын қорғау бойынша аумақтық бағдарламаны орындау. 
3. Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
халыққа бастапқы медициналықко-санитаряилық көмек көрсету: фтизиатрия;
диагностика: зертханалық диагностика (жалпыклиникалық зерттеу, серологиялық зерттеулер, функциональды диагностика, рентгенологиялық диагностика);
ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек: фтизиатрия;
сараптамалық медициналық қызмет: еңбекке қабілеттілік сараптамасы;
шипажайлық емдеу;
халық құрамына білікті медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік ұсынымдар дайырлауға қатысу.  
4. Кәсіпорын мемлекеттік лицензиялауды қажет ететін қызметті тиісті лицензия болған жағдайда жүзеге асырады.
5. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен мәніне сай келмейтін, Жарғысына қайшы келетін қандай да бір мәмілелер жасауға құқылы емес.