О Санатории

«Каменское  плато»  шипажайы 1932 жылы құрылған. 
Шипажай Қазақстандағы өкпе және сүйек-буын патологиялары бар науқастарды сауықтыратын шипажайлардың бірі болып табылады. Теңіз деңгейінен 1350 метр биіктіктегі таулы аймақта, қысы жылы, жазы жайлы, атмосфералық ауасы жоғары иондалған климаты өте жайғымды мекенде орналасқан. Осы аталған факторлар пациенттердің емделуі мен қалпына келуі үдерістеріне жағымды әсер береді. 
Қазан төңкерісіне дейін «Каменское плато» шипажайының аумағы Казак генералы Г.П.Бычковқа тиесілі болған. Бұл маңайда саябақтар мен жеміс-жидек бақтары жайқалып тұрған болатын. Төңкерістен зоотехникум қарамағында болып, 1930 жылы курортология институтының профессоры А.П.Коростелевтің басшылығымен ұйымдастырылған экспедиция барысында жергілікті мекеннің климаттық бай ерекшеліктері танымал «Абастумани» шипажайына ұқсас екендігі анықталған. 
1932-1936  жж. «Каменское плато» шипажайы жыл мерзіміне қарай жұмыс істеп келсе, 1936 жылдың маусым айынан бастап жыл бойы жұмыс істейтін болған. Ұлы Отан соғысы жылдары жаралы солдаттарға арналған эвакогоспитальға айналды.  
1957 жылы шипажайдың орын көлемі 150, одан кейінгі жылдары, 1970 жылдан бастап 220 төсек-орынға ұлғайған. 1992 жылға дейін шипажай республикалық мәнге ие болса, 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің №562 бұйрығына сәйкес «Каменское плато» шипажайы Алматы қалалық Денсаулық сақтау бөліміне берілді. Алматы қ. Әкімдігінің 23.06.2014 жылғы №2/495 қаулысына сай «Каменское плато» шипажайы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде қайта құрылды. Осыған байланысты шипажайдың құжаттамалары мен ресми атрибуттары жаңартылды. 
Қазіргі кезде шипажайда 4 емдеу корпусы бар, тіркеу орны, емшара кабинеті, физиокабинет, ЕШК, дәріхана, зертхана, кітапхана, асхана жұмыс істейді. Табиғат пен климаттық жағдайларды пайдалану арқылы толыққанды емдеу мен сауықтыру мақсатында спорт алаңқайлары, туризм, терренкурға арналған жолдар жасалған. Өкпе патологиясы бар науқастарды кешенді емдеудің басты әдісі – қабылданған емдеу нәтижелерін бекіту және денсаулықты нығайту. Шипажайда табиғи,физикалық және климаттық факторлар пациентті емдеу, еңбекке жарамды ету мен әлеуметтік оңалту мақсатында пайдаланылады. Пациенттерді сауықтыру шұбат және қымыз сусындары да кеңінен қолданылады.